Билет 11. Ыстық престеу. Қондырғының сұлбасы. Технологиялық регламенті.

Ыстық престеу деп – ұнтақты пішіндеу және күйежентектеу процестерінен тұратын процесті айтамыз.

Артықшылығы: теориялық тығыздыққа жақын материалды алуға болады. Кемшілігі: төмен өнімділігі.

Ыстық престеудің сұлбасы:

1 ұнтағы бар пресформа

2 қыздырғыш

3 қорғағыш жылулық экран

4 вакуумдық камера

5 гидравликалық престің стнинасы

6 гидравликалық цилиндр

7 вакуумдық насос

8 форвакуумдық насос

Жұмыс циклі:

1 операция – пресформаға ұнтақты тиеу. Ыстық престеуге арналған пресформа графиттен жасалады. Графит – ыстыққа төзіді материал 1000 артық температураға дейін. Температура жоғары болған сайын жылу өткізгіштігі жоғары, материал оңай өнделеді. Ұнтақты тиер алдында, пресформаның ішкі жағы маймен майдаланады (ұнтақ пен пресформа материалының әрекеттеспеуі болмау үшін).

2 операция – пресформаны ыстық пресформалы пешке тиеу. Тиеудің екі түрі бар: үстінгі қақпақ арқылы және төменгі қақпақ арқылы. Қақпақтың герметикалы болуы үшін оны вакууммен қаптайды.

3 операция – пешті аудан тазарту, себебі оттегі ұнтақты тотықтырады. Екі сатылы тазарту вакуумды насоспен өтеді: 1 формвакуумды насоспен тазарту 2 дифорузды насоспен тазарту. Вакуумды жүйе престеу циклінде үзілмей жұмыс істейді.

4 операция – ұнтағы бар пресформаны жылыту. Мақсаты: ұнтақты тығыздау, десорбциялық газдарды жою, дегазация температурасынан жоғары температураны сақтау.

5 операция – жұмыс тмпературасында ұстау. Дайындаманың бүкіл көлемі бойынша жылынуы үшін.

6 операция – престеу. Ыстық престелген материал престреуге оңай беріледі және материал тығызданып, жоғары тығыздыққа ие болады. Қысым 50-200кг/см2 .

7 Қалыпты температурада ұстау. Күйежентектеу процесіжүру үшін.

8 Пештің қысымы мен жылуын өшіру.

9 Пресформаны шығару.

10 Дайындаманы пресформадан шығару.

Технологиялық регламент:

аб – пештің вакуумдану уақыты

бв – дегозация температурасына дейін қыздыру



вг – дегазация температурасында ұстау

гд – жұмыс температурасына дейін қыздыру

де - жұмыс температурасына дейін дайындаманы ұстау

еж – престеу қысымы

жз – жұмыс режимінде ұстау

зи – температураны өшіріп, салқындату

т.К - вакуумды насосты өшіру, ауа жіберу

т.Л – пешті ашу, пресформаны шығару.

Изостатикалық престеу. Жіктелуі. Суық гидростатикалық престеру. Гидростатын принципалдық сұлбасы. Иілімділікті прес пішіннің сұлбасы. СИП технологиялық сұлбасы.

Изостатикалық престеудің схемасы:

1 изостат (газостат, гидростат)

2 жоғарғы қысымды орта (сұйықтық, газ)

3 технологиялық қабықша (эластикалық пресформа, капсула)

4 пішінделетін ұнтақ

Изостатикалық престеу – жоғарғы қысымды орта арқылы яғни жан жақтан бірқалыпты қысу арқылы ұнтақтарды тығыздап, оларға пішін және белгілі бір қасиеттер беру.

Жіктелінуі:

1 Суық изостатикалық престеу - бөлме температурасында сұйықтар, майлар, керасин, глицерин, су арқылы жүзеге асады. Алдын ала пішіндеу ретінде қолданылады. Тығызданғаннан кейін кеуектілік 30% құрайды. Ықшамды материал СИП тан кейін жоғары температуралы престеу жүргізу керек (күйежентектеу, ыстық престеу).

2 Ыстық изостатикалық престеу – 2000 С температурада, 2000 атм қысымда газдың көмегімен жүргізіледі.

Изостатикалық престеудің түрлері:

1 әйнекстатикалық престеу – пішіндеуші орта балқытылған әйнек

2 квази статикалық престеу – пішіндеуші орта резина.

3 комбинирленген изостатикалық престеу – пішіндеуші орта сұйықтық және керамикалық орта.

Артықшылығы: бүкіл көлемі бойынша тығыздығы бірдей заттарды алу мүмкіндігі, изотропты механикалық қасиеттері бар заттар алу мүмкіндігі, ұзындықты өлшейтін заттар алу, қабырғалары жұқа заттар алу.



СИП – суық изостатикалық престеу

СИП-тің технологиялық сұлбасы:

ҰА- ұнтақтарды алу;

ЭПФӨ- эластикалық пресс-формаларды өндіру;

ЭПФС- эластикалық пресс-формаларды себу;

ДТ- дірілді тығыздау;

В,Г- вакуумдеу; герметизациялау;

СИП- суық изостатикалық престеу;

МӨ- механикалық өңдеу.

1- серпімді элементке қажетті пішінді беретін металдан жасалған және перфорленген обечайка;

2- пресс- форманың серпімді элементі. Ол:

А) ұнтаққа қажетті пішін беру үшін;

Б) ішкі көлемнің герметизациясы үшін (ұнтақты вакуумдеу және престеу кезінде ұнтаққа сұйықтың тиіп кетуінен сақтау үшін);

В) форма қалыптастыратын құрал- жабдық.

3- пресс форманың қақпағы (металл)

4- металл тығын (пресс форманың тиеу тесігін герметизациялау үшін)

5- пішінделетін ұнтақ.

ЭПФӨ- эластикалық пресс-формаларды өндіру

Эластикалық формалардың ішкі жағының өлшемдері СИП аналогиялық түрде ұнтақтың технологиялық қасиеттері, күйежентектелуі, қажетті пішінге және т.б жүргізіледі.Эластикалық элемент жоғары серпімді және беріктілігі жоғары болуы тиіс.

ЭПФС- эластикалық пресс-формаларды себу, ДТ- дірілді тығыздау

Кейбір материалдарды дірілді тығыздау кезінде сегрегация (ірілігі бойынша бөліну) және конгламерация (ұсақ фракцияның клубоктары(домалақ)) орын алуы мүмкін. Бұл діріл кезінде бөлшектер арсындағы үйкеліс жоғалады да, ұсақ фракциялы бөлшектер молекулалық күштер мен ұсақ бөлшектерде ылғалдың көп болуынан бір- біріне тартылып, кеңістіктік торша, клубоктар түзеді. Бұл микроструктуралық біркелкі еместікке әкеліп соғады және материалдың физико-химиялық қасиеттері төмендейді.

В- вакуумдеу

Вакуумдеу бөлшектердің арасындағы кеңістікті жою үшін жүргізіледі. Себебі, ауа тығыздалу эффектілігін азайтып, эластикалық қабыршақтың ішінде қарсы қысым (противодавление) түзуі мүмкін.

Г – герметизациялау

Герметизация - эластикалық қабыршақтың ішінде тұйықталған герметизацияланған көлем жасау мақсатымен жүргізіледі. Ол көлем жоғары қысым мен сұйықтың қабыршақтың ішіне кіруіне жол бермейді.

СИП- суық изостатикалық престеу

Герметизациядан кейін пресс форма көтергіш транспорттың көмегімен гидростаттың контейнеріне салынады. Контейнер герметизацияланады, ары қарай контейнер силовая рама кеңістігіне жылжиды, жұмысшы сұйықтық контейнерге жіберіледі. Айдамалау жүйесінің жоғары қысымы көмегімен сұйықтық (май) қысылады (сжимается). Пресс форманың эластикалық қабықшасына әсер ететін қысым ұнтаққа беріледі, сөйтіп, жан-жақтағы қысымның әсерінен бүкіл кеңістік бойынша ұнтақтың тығыздалуы болады. Берілген қысым әсерінен бөлшектер арасында адгезия күші пайда болып, ол бөлшектерді прессовка түрінде байланыстырып, материалға беріктілік беріп, ары қарай механикалық өңдеуге жіберіледі.

Пресстегеннен кейін пресс форма контейнерден алынады да, майдың қалдықтары пресс форманың бетінен алынады. Дайындама эластикалық қабыршақтан алынады.

МӨ- механикалық өңдеу

Ары қарай деффектерді, адыр-бұдырлықты және қажетті өлшемдерді алу мақсатымен механикалық өңдеу жүргізіледі.

Ыстық изостатикалық претстеу. Газостаттың принципиалдық сұлбасы. ЫИП технологиялық сұлбасы. Технологиялық параметрлері.

Жіктелуі:

ЫИП – 2000 С температурада, 2000 атм қысымда газдың көмегімен жүргізіледі.

Изостатикалық престеудің түрлері:

1 әйнестатикалық престеу – – пішіндеуші орта балқытылған әйнек

2 квази статикалық престеу – пішіндеуші орта резина.

3 комбинирленген изостатикалық престеу – пішіндеуші орта сұйықтық және керамикалық орта.

Артықшылығы: бүкіл көлемі бойынша тығыздығы бірдей заттарды алу мүмкіндігі, изотропты механикалық қасиеттері бар заттар алу мүмкіндігі, ұзындықты өлшейтін заттар алу, қабырғалары жұқа заттар алу.

ЫИП – ұнтақты пішіндеу мен күйежентектеу процесінің қосындысы немесе дайындамаларды жоғары қысыммен жоғары температуралы ортамен қысады. Жұмыстық орта болып – газ (аргон, гелий) саналады.

Принципиалдық сұлба:

1 газостаттың контейнері

2 жұмысшы газ

3 капсула

4 престелетін ұнтақ

5 қыздырғыш

Жұмыстың істеу принципі:

Ұнтақ пен капсула газостаттың контейнеріне енгізіледі. Контейнер герметизацияланады және жұмыстық газбен толтырылып, жұмысшы мәндерге дейін температураны жоғарлайды. Қиын балқитын пластикалық материалдан жасалған капсула ұнтақты қыса отырып деформацияланады. Бұл жағдайда ұнтақтың және престелген дайындаманың формасы өзгермейді, пластикалық деформацияланады, өлшемдері кішірейеді.

ЫИП технологиялық сұлбасы:

СИП- суық изостатикалық престеу;

КД- капсулаларды дайындау;

К – капсулаландыру;

Г- газсыздандыру;

ГМ-герметизациялау;

ЫИП- ыстық изостатикалық престеу;

КЕ- капсуланы еріту.

СИП дайындаманы алу, ол СИП технологиялық сұлбасы бойынша алынады.

КД- капсулаларды дайындау.

Капсуланың пішіні престелетін бұйымның пішініне сәйкес болу керек. Престеу үрдісі кезінде пішінін сақтау үшін капсулалар біркелкі қаттылыққа ие болуы керек. Престеу үрдісі кезінде капсула мен қақпақтың диаметрі кішірейеді, қақпақ қабырғасының ұзындығы үлкейеді. Дайындаманың пішіні сақталады, сонымен қатар дәнекерлеу тігісі де мықтырақ болады. Капсула қабықшасының материалы герметикалық болуы керек.

Керамикалық капсулалар күрделі пішінді ЫИПде қолданылады. Оның 3 түрі бар:

1 керамикалық

2 әйнек-керамикалық

3 металл-керамикалық

Капсулаларды дайындау мынандай операциялардан тұрады:

1операция – металл құйма пішіндерді дайындау;

2операция – құйма пішінге парафинді құю арқылы модель дайындау;

3операция – парафинді модельге капсуланың ұнтақтәрізді материалын жағу;

4 операция – байланыстырғыш пен ұнтақты кезектестіріп жағу;

5 операция – модельдерді 150-170°С температурада кептіру және қорыту;

6 операция – 900°С температурада материалды жентектеу және капсуланың материалына беріктілік беру.

К- капсулаландыру.

СИП дайындаманы капсулаға орналастырады. Үстіңгі қақпақты газсыздандыру үшін орнатылады. Ұнтақтарды престеу кезінде капсулаландыру дірілді үстелде жүргізіледі. ЫИП алдында СИП немесе дірілді тығыздау 2 себеп бойынша жүүргізіледі:

1. тұрақтылығын жоғалтып алу қаупінен;

2. жылуөткізгіштікті жоғарылату және дайындаманың бүкіл көлемі бойынша температуралық өрісті теңестіру.

Егер де дайындаманы престегенде температура бүкіл көлем бойынша бірдей таралмаса, құрылымы біркелкі емес, кеуектілігі, физико-механикалық қасиеттері өзгерген дайындама алынады.

Г – газсыздандыру

Ауаны, химиялық әрекеттесу кезінде пайда болатын газдарды жою үшін жүргізіледі. Газсыздандыру жүргізілмесе, кеуектілік болады да, физико механикалық қасиеттері нашарлайды.

ГМ- герметизациялау

Вакуумдық жүйеден ажырату және капсулада тұйық кеңістік жасау мақсатымен жүргізіледі және ЫИП жүргізу үшін қажет.

ЫИП- ыстық изостатикалық престеу

1. Газостаттың контейнеріне капсуланы енгізу;

2. Газостаттың контейнерін герметизациялау;

3. Контейнердегі ауаны сорып алу (басқа газдарды шығару үшін);

4. Жұмысшы газды жіберу(Ar, He). Газдың қысымы берілген шамаға дейін жоғарылайды(а-б)

5. Бір уақытта контейнердің ішкі қуысы мен капсуланың қызуы мен жылулық газдардың ұлғаюынан қысымның жоғарылауы(б-в);

6. Жұмысшы Т мен Р-ға шығуы және берілген уақыт τ бойынша жұмысшы режимге өту (в-г);

7. Суыту (г-д);

8. Газды шығару.

КЕ- капсуланы еріту

Болат капсулалар химиялық уландыру арқылы жойылады. Негізгі материал ерімейтін, ал капсула еритін қышқылды таңдап алу.

Керамикалық капсулалар құм немесе дробеструйный өңдеу

Әйнек-керамикалық капсулалар өздігінен престелінген дайындаманың шытынауы нәтижесінде жойылады.

Металл-керамикалық құм-струйный уландыру және электромагнитті өңдеу арқылы алынады.

Технологиялық параметрлері

Т, Р, τ параметрлері технологияны әзірлеген кезде тәжірибе жүзінде анықталады.


4492081602785303.html
4492131738690642.html
    PR.RU™